Brent баррелі 61,17 доллар болды

415

Иранның тағы бір мұнай танкерін қолға түсіруі "қара алтын" бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл Ормұз бұғазындағы мұнай тасымалының іркілуіне әсер етуі мүмкін. 

Brent баррелі 61,17 доллар болды

Оның үстіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына салық мөлшерін көбейтемін деп сес көрсетуі нарыққа кері әсерін тигізіп отыр. 

Бірақ Токиодағы Mizuho Research Institute Ltd. бас экономисі Джун Иноуэнің айтуынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленістің әскери қақтығысқа ұласуы екіталай. Мұнай нарығындағы жағдайға АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі тікелей ықпал етіп отыр дегенді алға тартты. Егер Бейжіңге қосымша салық енгізіліп, Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы да түсірмесе, мұнай бағасы құлдырауы мүмкін. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы 1,2 пайызға төмендеп, баррелі 61,17 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,1 пайызға арзандап, 55,06 долларды құрады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу