Brent баррелі 63,09 доллар болды

531

Сауд Арабиясының мұнай министрі Абдулазиз бен Сальман ОПЕК+ альянсының өндірісті ұлғайту жөніндегі соңғы шешімін дұрыс деп санайды.

Brent баррелі 63,09 доллар болды Фото: reuters.com

Мұнай бағасы 9 сәуірдегі сауда-саттықта сәл өзгерді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Australia & New Zealand Banking Group шикізат секторы жөніндегі бас сарапшы Дэниэл Хайнстың айтуынша, COVID-19 дертінің таралуы мен жаңа локдаундардың енгізілу нарыққа кері әсерін тигізіп отыр. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,17%-ға арзандап, 63,09 болды. WTI бағасы 0,03%-ға көтеріліп, бір баррелі қазір 59,62 долларға саудаланып жатыр.

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтады. Сауд Арабиясының мұнай министрі Абдулазиз бен Сальман ОПЕК+ альянсының өндірісті ұлғайту жөніндегі соңғы шешімін дұрыс деп санайды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу