Brent баррелі 66,6 долларға саудаланып жатыр

594

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 5,89 миллион баррельге азайған болатын.

Brent баррелі 66,6 долларға саудаланып жатыр

Мұнай бағасы айтарлықтай өзгермеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Қазір шикізат бағасы осы айдағы ең жоғары деңгейде.

Өйткені шикізатқа деген сұраныс артады деген болжам айтылуда. 

Энергетикалық ақпарат басқармасының деректері нарыққа оң әсерін тигізіп отыр: өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 5,89 миллион баррельге азайды. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,03%-ға қымбаттап, 66,6 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,08%-ға төмендеп, бір баррелі 63,1 долларға саудаланып жатыр.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің дерегінше, 2021 жылы мұнайға деген сұраныстың бір тәуліктегі көлемі 5,7 миллион баррельге артуы мүмкін. ОПЕК биылғы сұраныс бір тәулікте 5,95 миллион баррельге өседі деген болжам жасады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу