Brent баррелі 69,57 долларға саудаланып жатыр

567

Өткен аптада шикізат құны арзандаған еді.  

Brent баррелі 69,57 долларға саудаланып жатыр

Эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап. Бұған Қытай экономикасы көрсеткіштерінің өсуі түрткі болды. Осы орайда нарықта сұранысқа қатысты оң көзқарас қалыптасты.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,51%-ға қымбаттап, 69,57 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,61%-ға артып, бір баррелі 66,12 долларға саудаланып жатыр.

Қытайдағы өнеркәсіптік өндіріс, бөлшек сауда көлемі 2021 жылдың алғашқы екі айында бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда күрт өскен. Нақтырақ айтқанда, қаңтар және ақпан айларында өндіріс көлемі 35,1%-ға, бөлшек сауда көлемі 33,8%-ға артқан.

CMC Markets Asia Pacific сарапшысы Майкл МакКартидің айтуынша, ОПЕК+ альянсының мұнай өндірісін шектеуі салдарынан шикізат бағасы көтеріліп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу