Brent баррелі 86,85 долларға дейін арзандады

864

"Қара алтынның" арзандауына америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы мұнай қорына қатысты деректері де ықпал етуде.

Brent баррелі 86,85 долларға дейін арзандады

Эталон сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ ФРЖ отырысының қарсаңында төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.

Ресми дерек бойынша, Brent баррелі 0,38%-ға арзандап, 86,85 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,43%-ға түсіп, қазір бір баррелі 85,24 долларға саудаланып жатыр.

Нарықтағылар АҚШ Федералды резервтік жүйесі отырысының нәтижелерін күтуде. Сарапшылардың пікірінше, реттеуші ақша-кредит саясатын жақында қатаңдатпақ.

"Мұнай бағасы АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген ақпарат жарияланғаннан кейін төмендеуде", – деді Rystad Energy сарапшылары.

"Қара алтынның" арзандауына америкалық мұнай институтының АҚШ-тағы мұнай қорына қатысты деректері де ықпал етуде. Өткен аптада қор көлемі 0,87 миллион баррельге азайған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу