Brent баррелінің бағасы 36 долларға дейін түсіп кетті

545

Жаздың соңынан бері шикізат бағасы 20%-ға арзандаған.

Brent баррелінің бағасы 36 долларға дейін түсіп кетті

Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны арзандап, 36 доллардан төмендеді. WTI баррелі шамамен 34 долларға саудаланып жатыр.

Жаздың соңынан бері мұнай бағасы 20%-ға түскен. Негізгі себеп – коронавирус індетінің екінші толқынының кесірінен сұраныс тез қалпына келмейді деген күдік. Өйткені бірқатар ел соңғы уақытта шектеу шараларын күшейтіп, қайтадан карантин жариялап жатыр. ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндоның айтуынша, 2021 жылғы мұнай өндірісіне қатысты шешім қараша немесе желтоқсан айларында қабылданады. Картель бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 7,7 млн баррельге қысқартқан еді.  

Табиғат Нұрболат


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу