Brent баррелінің бағасы 62,88 долларға жетті

668

Америкалық мұнай институтының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры 2,62 миллион баррельге төмендеген.

Brent баррелінің бағасы 62,88 долларға жетті Фото: reuters.com

Лондон ICE биржасындағы сауда барысында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,22%-ға өсіп, 62,88 доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы сауда алаңының мәліметіне сілтеме жасап. 

WTI сұрыпты мұнай баррелінің құны 0,20%-ға қымбаттап, оның бір баррелі 59,45 долларға саудаланып жатыр. 

Америкалық мұнай институтының мәліметі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры 2,62 миллион баррельге төмендеген. Бір апта бұрын 3,91 миллион баррельге өскен еді.
Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу