Brent баррелінің бағасы 64,98 долларға жетті

690

ОПЕК+ келесі айларда өндіріс көлемін арттырады.

Brent баррелінің бағасы 64,98 долларға жетті Фото: reuters.com

Лондон ICE биржасындағы сауда барысында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 3,6%-ға өсіп, 64,98 доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы сауда алаңының мәліметіне сілтеме жасап. Бұған ОПЕК+ альянсының мамырдан бастап мұнай өндіруді арттыру туралы шешімі әсер етті.  

WTI сұрыпты мұнай баррелінің құны 4,1%-ға қымбаттап, оның бір баррелі 61,59 долларға саудаланып жатыр. 

Бұған дейін ОПЕК+ елдері кезекті отырыс барысында шикізат өндірісін арттыруға уағдаласқан болатын. Нақтырақ айтқанда, бір күнде жер қойнауынан шығарылатын мұнай көлемі 350 мың баррельге, маусымда 350 мың баррельге, шілдеде 450 мың баррельге артады. Сауд Арабиясы да өндіріс көлемін ұлғайтады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу