Brent баррелінің бағасы 89 доллардан асты

807

"Қара алтын" 0,60%-ға қымбаттады.

Brent баррелінің бағасы 89 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 89 доллардан асты. Бұл – 2014 жылдың 13 қазанынан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Ресми дерек бойынша, Brent фьючерстері 0,60%-ға қымбаттап, баррелі 89,03 доллар болды. WTI мұнайының бағасы 1,80-ға көтеріліп, қазір бір баррелі 86,36 долларға саудаланып жатыр.

Коронавирустық пандемия салдарынан мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты ОПЕК+ өткен жылдың мамыр айынан бастап өндірісті 9,7 миллион баррельге қысқартқан болатын. Жағдай тұрақтанған сайын, оның көлемі өзгертіліп келеді. Альянс 2021 жылдың тамызынан бері ай сайын өндіріс көлемін 400 мың баррельге арттыруда. Картель 2022 жылғы қыркүйек айының соңына дейін індетке дейінгі көрсеткішке оралуды жоспарлап отыр.

Бір күн бұрын Сауд Арабиясы Гданьск қаласындағы Orlen ірі мұнай өңдеу зауытындағы үлесін сатып алып, Польшаның мұнай импортының жартысына жуығын қамтамасыз етуге келіскені белгілі болды. Orlen саудиттерден тәулігіне 337 мың баррельдей алып отыратын болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу