Brent баррелінің бағасы $97,36 болды

573

Мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы шикізат қорының рекордтық көрсеткішке жетуіне байланысты біраз ауытқиды.

Brent баррелінің бағасы $97,36 болды

Әлемдік биржаларда Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы $97,36 болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,04%-ға төмен.

10 тамызда 97,97 долларға дейін көтеріліп, сессия 97,40 доллармен жабылды. WTI мұнайының бір баррелі 91,89 долларға саудалануда.

Мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы шикізат қорының рекордтық көрсеткішке жетуіне байланысты біраз ауытқиды. Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорының күрт өскені жарияланғаннан кейін, мұнай арзандады. 

Жақында Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мен мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) ай сайынғы есебі жарияланады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу