Brent баррелінің бағасы қайтадан 40 доллардан асты

555

Мұнай нарығындағы құбылмалылық сақталуда.

Brent баррелінің бағасы қайтадан 40 доллардан асты

Әлемдік нарықтағы шикізат құны күрт көтеріліп кетті. Brent сұрыпты мұнай бағасы 40,36 долларға дейін өсті. Ал WTI баррелі 1,3%-ға қымбаттап, 37,6 доллар болды. 

Еске сала кетсек, "қара алтын" бағасы наурыз айында пандемия кесірінен екі есе арзандаған болатын. Тіпті америкалық эталон жеткізіліміне арналған келісімнің құны минусқа дейін түсіп кетті. Бұған сонымен қатар ОПЕК+ елдерінің 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өндірісті қысқартуға қатысты келісімді ұзартпау да түрткі болды. Ал пандемия нарықты одан сайын тұрақсыздандырып жіберді.

Соңғы төрт айда шикізат құны бірнеше рет құбылды. Кейін 23 сәуірде ОПЕК+ елдері өндірісті азайту туралы жаңа құжат қабылдағаннан кейін, нарықтағы мұнай ұсынымы біраз азайып, бағалар сәл көтерілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу