Brent баррелінің бағасы 63 доллардан асты

649

Шикізат бағасының өсуіне ақпан айында күшіне енген ОПЕК келісімі түрткі болып отыр.

Brent баррелінің бағасы 63 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 63 доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бұл 2020 жылғы 22 қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Ресми дерек бойынша, Brent бағасы 1,1%-ға немесе 66 центке көтеріліп, 63,09 долларға жетті. WTI баррелінің құны 1,5%-ға қымбаттап, 60,33 доллар болды.
Шикізат бағасының өсуіне ақпан айында күшіне енген ОПЕК келісімі түрткі болып отыр. Бірқатар ел өндіріс көлемін 1,425 миллион баррельге қысқартады, оның шамамаен миллион баррелі Сауд Арабиясының еншісінде. Сонымен қатар әлемдік экономиканың жағдайына қатысты күдіктер сейіле бастады. Өйткені коронавирус жұқтырғандардың саны азайып, вакцинация қарқынды түрде жүріп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: arabnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу