Brent баррелінің құны 75,27 долларға жетті

529

Бұл – соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Brent баррелінің құны 75,27 долларға жетті

23 маусымда эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Шикізаттың қымбаттауына ОПЕК+ мүшелерінің тамыз айынан бастап мұнай өндірісін біртіндеп арттыру жағын талқылай бастағаны туралы деректер әсер етті.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,61%-ға өсіп, 75,27 доллар болды. WTI фьючерстері 0,51%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі 73,22 долларға саудаланып жатыр.

Америкалық мұнай институты АҚШ-тағы мұнай қоры 7,2 миллион баррельге қысқарғанын хабарлады. API мәліметі бойынша, елдегі бензин қоры 959 мың баррельге, дистилляттар қоры 992 мың баррельге артқан. S&P Global Platts-қа сұхбат берген сарапшылар АҚШ Энергетика министрлігінің деректері өткен аптада мұнай қорының 6,3 млн баррельге төмендегенін көрсетеді деген пікірде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу