Brent cұрыпты мұнай бағасы тағы да түсті

535

Құрама Штаттардағы қор көбейді.

Brent cұрыпты мұнай бағасы тағы да түсті

Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны сауда қорытындысы бойынша 39,80 долларға дейін төмендеді. Бұған АҚШ-тағы шикізат қоры туралы соңғы мәлімет әсер етіп отыр.

Нақтырақ айтқанда, өңделмеген мұнайдың коммерциялық қоры 2 миллион баррельге көбейді. Бұған дейін алты апта бойы азайған еді. Сонымен қатар инвесторларды сұранымға қатысты күдік алаңдатып отыр. S&P Global Platts болжамы бойынша, шикізатқа деген сұраныс дағдарысқа дейінгі көрсеткішке 2022 жылы жетуі мүмкін. 

Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай өндірісі сәл өсіп, бір күндік көрсеткіш 10 миллион баррель болды. Дағдарысқа дейін бір тәулікте 13 миллион баррель өндірілген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: thestar.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу