Brent cұрыпты мұнай баррелі 43,46 долларға дейін көтерілді

388

ОПЕК+ елдері тамыздан бастап өндіріс көлемін көбейтеді.

Brent cұрыпты мұнай баррелі 43,46 долларға дейін көтерілді Фото: rbk.ru

Шикізат құны сәл қымбаттады. Бұған әсер еткен америкалық валютаның әлсіреуі. Дегенмен бірқатар сарапшы Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленістің өршуі әлемдік экономиканың коронвирус дағдарысынан кейін қалыпқа келуін тежейді деген пікірде. 

Ресми дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,05%-ға өсіп, 43,46 долларға дейін жеткен. WTI мұнайының бір баррелі 0,08%-ға арзандап, 41,52 доллар болды. 

Қазір трейдерлердің назары Федералды қор жүйесінің отырысында. Америкалық қаржы реттеушісі пайыздық мөлшерлемені 0-ге жақын деңгейде ұзақ уақыт сақтауы мүмкін. 

Ал ОПЕК+ елдері тамыз айынан бастап мұнай өндірісін ақырындап ұлғайтпақ. Бұл фактор нарықты алаңдатып отыр. Өйткені кей елдерде коронавирус жұқтырғандардың саны соңғы уақытта көбейіп барады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу