Brent cұрыпты мұнайдың бағасы 17 доллардан түсіп кетті

741

Ал WTI мұнайының баррелі қазір 11 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.

Brent cұрыпты мұнайдың бағасы 17 доллардан түсіп кетті

Лондондағы ICE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша, Brent cұрыпты мұнай баррелінің (маусымдағы жеткізілім) құны 13,55%-ға арзандап, 16,71 долларға дейін түсіп кетті. Мұндай көрсеткіш 2001 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. WTI фьючерсі 4,75%-ға арзандап, бағасы 11,02 доллар болды. 

Шикізат нарығындағы бағалардың құлдырауына жаңа коронавирус пандемиясы түрткі. Індет кесірінен "қара алтынға" деген сұраныс төмендеген. Бұған дейін ОПЕК+ қабылдаған қысқарту шаралары жағдайдың реттелуіне септігін тигізе қоймады. Кей сарапшылардың болжамынша, мұндай динамика біраз уақытқа дейін сақталуы мүмкін.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметінше, вирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, оның 177 мыңы қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу