Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 25 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:20-дағы бағасы $0,14 (0,22%) арзандап, барреліне $64,62 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,27 (0,49%) төмендеп, барреліне $55,21 долларды құрады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу