Brent маркалы мұнай бағасы 76 доллардан асты

569

Brent маркалы мұнай бағасы 76 доллардан асты

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы біршама қымбаттай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесінде, Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 1,3 долларға көтеріліп, баррелі 76,17 доллар болған.

WTI маркілі мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,01 долларға қымбаттап, баррелі 70,73 долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу