banner

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 123 долларға жетті

625

Соған сәйкес теңге нығаюда.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 123 долларға жетті

30 наурыз Brent маркалы мұнайдың баррелі 123 долларға жақындады, бұл 20 наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған ЕО елдерінің Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік мұнайға ішінара эмбарго енгізуі себеп болды.

ЕО санкциялары теңіз арқылы мүше елдерге жөнелтілетін Ресейден шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға тыйым салады, бірақ бұл мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын мұнайға қатысты емес. 

"Шенеуніктер мен дипломаттар әлі техникалық мәліметтер бойынша келісе қойған жоқ, ал санкцияларды 27 елдің барлығы ресми түрде қабылдауы керек", – деп жазды экономист Ғалымжан Айтқазин өзінің Телеграм арнасында. 

Айта кететіні, теңіз тасымалы ресейлік мұнай импортының шамамен үштен екісін құрайды.

Bloomberg есептеулері бойынша, шектеу іске асырылғаннан кейін Ресей экспорттық табысынан жылына 10 млрд долларға дейін жоғалуы мүмкін. Өйткені бұл тыйым Ресейді мұнайды Brent мұнай фьючерстерінен барреліне 34 долларға арзан сатып жатқан Азияға жеңілдікпен сатуға мәжбүрлейді.

Бұл ретте мұнай бағасының өсуі "қара алтын" экспорттаушы елдердің валюталарына айтарлықтай әсер еткен жоқ.  

Өз кезегінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы KASE қор биржасындағы сауда-саттықтың ашылуынан бастап қазіргі уақытта 417 теңгеге дейін нығаюда. 30 мамыр сауда  421 теңге көрсеткішімен жабылған. 

"Ресей рублі 30 мамыр 6,7%-ға 62,25-ке дейін нығаюды, эмбаргоға қарамастан бұл үрдіс жалғасуы мүмкін", – деп жазды  сарапшы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу