Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 105 доллардан асты

272

Бұл тамыздағы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары.  

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 105 доллардан асты Фото: AI Atameken Business

Жыл басындағы бағадан 70 пайызға жоғарылап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұнай бағасының күрт өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы жалғасып жатқан қақтығыс себеп болды. Қақтығыс Ормуз бұғазы арқылы теңіз қатынасына кедергі келтіріп отыр.

Ормуз бұғазындағы шиеленіспен қатар, Йемендік хуситтердің Сауд Арабиясына тиесілі теңіз порттарына жасаған шабуылы да бағаны құбылтып жіберді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы шілде айының соңынан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты. Ал WTI-дың баррелі 98 долларға жуық саудаланып жатыр.

Сарапшылар бағаның өсуін, ең алдымен, негізгі тасымал жолы, Ормуз бұғазындағы іркіліспен байланыстырып отыр. Бұл дәліз арқылы тәулігіне орта есеппен 6 млн баррель мұнай өтеді. Мұндай деректі Халықаралық Kpler зерттеу ұйымы келтірді.

Сарапшылар Таяу Шығыста жағдай қайта ушыққан тұста, теңіз арқылы тасымал көлемі одан әрі қысқаруы мүмкін деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу