Brent мұнайының бағасы 96 доллардан асты

125

Соңғы бір айда Brent құны 30%-дан астам өссе, жыл басынан бергі өсім 40%-ға жуықтаған.     

Brent мұнайының бағасы 96 доллардан асты Фото: indiatimes.com

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы өсіп, барреліне 96,23 долларға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар мұны шикізат нарығындағы ең қарқынды өсу үрдістерінің бірі деп бағалап отыр.

Сонымен қатар уран бағасы да оң динамика көрсетіп отыр. Сауда барысында оның құны 0,18%-ға өсіп, фунтына 85,70 долларға жетті.

Мамандардың айтуынша, уран бағасының өсімі мұнаймен салыстырғанда бірқалыпты болғанымен, жылдық көрсеткіш әлі де 20%-дан жоғары деңгейде сақталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу