Brent пен WTI бағасы көтерілді

764

"Қара алтын" бағасы Сауд Аравиясының нарықты қалыпқа келтіруіне байланысты шараларының арқасында cәл көтеріліп, тұрақтады. Дегенмен АҚШ пен Қытай арасындағы дау мұнай нарығындағы бағаның көтерілуіне кедергі келтіріп отыр. 

Brent пен  WTI бағасы көтерілді

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 5 центке, баррелі 57,43 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 5 центке қымбаттап, барреліне 52,59 долларды құрады.

Айта кететін жайт, Сауд Аравиясының билігі келесі айдан бастап Saudi Aramco компаниясы күніне 700 000 баррель өндіретінін жариялады. Оның 300 000 баррелі солтүстікамерикалық сатып алушыларға жіберілмек. 

Токиодағы Rakuten Securities Inc. сарапшысы Сатору Йошида: "Сауд Аравиясы қанша жерден талпынса да,жалғыз өзі ештеңе жасай алмайды. Ол үшін тағы да мұнай өндірісін қысқартып, Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиелініс реттелуі керек",-деді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу