Brent сұрыпты мұнай бағасы 65,04 доллар болды

442

1 шілдеде оның бағасы 0,32 (0,49%) долларға қымбаттап, сауданың жабылар тұсында баррелі $65,06 долларды құрады.

Brent сұрыпты мұнай бағасы  65,04 доллар болды

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 2 шілде Мәскеу уақытымен сағат 8:25-тегі бағасы 0,02 долларға (0,03%) төмендеп, баррелі 65,04 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

1 шілдеде оның бағасы 0,32 (0,49%) долларға қымбаттап, сауданың жабылар тұсында баррелі $65,06 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,1 долларға (0,17%) төмендеп, 58,99 долларды құрады.

Алдыңғы саудада WTI 0,62 (1,06%) долларға көтеріліп, баррелі 59,09 долларға жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу