Brent сұрыпты мұнай баррелі 68,35 болды

959

Жыл соңына дейін нарықтағы тұрақтылық сақталмақ.

Brent сұрыпты мұнай баррелі 68,35 болды

Америкалық мұнай қорының шамадан тыс қысқаруы мұнай нарығындағы тұрақтылықтың кепілі болып отыр. Қазіргі шикізат бағасы соңғы үш айдағы ең жоғарғы деңгейде. Өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 5,47 млн баррельге азайды.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 19 центке қымбаттап, баррелі 68,35 доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 6 центке көтеріліп, баррелі 61,78 долларды құрады.

"Шикізат бағасы қаңтар айына дейін осы деңгейде сақталуы тиіс. Дегенмен Қытай мен АҚШ сауда келіссөздерінің айтарлықтай алға жылжып жатқаны байқалмайды", – деді Сингапурдегі Oanda корпорациясының аналитигі Джеффри Халли.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу