Brent сұрыпты мұнай құны арзандап жатыр

397

Қазіргі бағасы 44,32 доллар.

Brent сұрыпты мұнай құны арзандап жатыр

Эталон маркалы мұнай баррелінің бағасы төмендеп жатыр. Сауда қорытындысының дерегі осындай. 

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,07%-ға қысқарып, 44,32 доллар болды. Ал WTI құны 0,12%-ға арзандап, 42,29 долларға дейін түсті.
ОПЕК+ елдері ортақ шешімге келе алмай, шикізат нарығында құбылмалылық орнап, артынан валюталар бағамы өзгерді. Ортақ келісімнің болмауынан мұнай бағасы төмендеді.

Еске сала кетсек, мамыр айындағы келісім бойынша, ОПЕК+ елдері мамыр және маусым айларында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге, екінші жарты жылдықта 7,7 млн баррельге, кейін 2022 жылдың мамырына дейін 5,8 млн баррельге дейін азайтуға тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Фото: thenational.a

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу