Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 42 доллардан асты

452

Шикізат құны шамамен 1,3%-ға қымбаттаған.

Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 42 доллардан асты Фото: reuters.com

ICE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай бағасы соңғы сессиядағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ға өсіп, 42,05 доллар болды. Соңғы рет мұндай көрсеткіш,яғни шикізат құнының 42 доллардан көп болуы 8 маусымда тіркелген еді. 

Ал WTI баррелі 0,67%-ға қымбаттап, 39 доллардан асып кетті.

Еске сала кетейік, 6 маусымда ОПЕК+ елдері жиын өткізіп, нәтижесінде мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді ұзартқан еді. Құжат бойынша өндірушілер бір күнде жер қойнауынан шығарылатын шикізат көлемін 9,7 млн баррельге азайтуы тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу