Brent-тің баррелі 63,55 долларға жетті

522

Иранмен арадағы жағдай мен АҚШ-тың мұнай өндірісіндегі іркілістің орнын толтыруға бағытталған әрекеттерге байланысты қара алтын бағасы аздап өсті. 

Brent-тің  баррелі 63,55 долларға жетті

Нью-Йоркте фьючерстер жұма күні 1 пайызға көтерілді. Соңғы алты аптада АҚШ-тың мұнай қоры едәуір азайып отыр. Bloomberg-тің дерегі бойынша, мұндай көрсеткіш 2018 жылы тіркелген. 

Сәрсенбіде Иран баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын. Ал Еуропаның бірқатар мемлекеті Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін әскери-теңіз базасын құруға тырысып жатыр. Мұндағы мақсат – Иранның Stena Impero танкерін қолға түсіргенінен кейін, Тегеранмен арадағы шиеленісті бәсеңдету. 

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ пен Қытай тараптары сауда келіссөздерін жүргізіп, бір мәмілеге келсе, мұнай нарығындағы ахуал едәуір жақсармақ. 

Соңғы дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,25 пайызға өсіп, баррелі 63,55 доллар болды. Ал тамыздағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,43 пайызға көтеріліп, барреліне 56,26 долларды құрады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу