Brent-тің баррелі 64,32 долларды құрады

431

Ал WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,56 долларға (0,97%) төмендеп, 57,34 доллар болды.

Brent-тің баррелі 64,32 долларды құрады

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың тамызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 25 маусым Мәскеу уақытымен сағат 8:20-дағы бағасы 0,54 долларға (0,83%) төмендеп, баррелі 64,32 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

24 маусымда оның бағасы 0,34 (0,52%) долларға төмендеген болатын, сауданың жабылар тұсында баррелі 64,86 долларды құрады.

Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,56 долларға (0,97%) төмендеп, 57,34 долларды құрады.

Алдыңғы саудада WTI 0,47 (0,82%) долларға көтеріліп, баррелі 52,9 долларға жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу