Brexit бойынша қорытынды мәлімдеме қабылданды

603

Brexit бойынша қорытынды мәлімдеме қабылданды

Еуроодаққа мүше елдердің басшылары Брюссельде өткен саммитте Ұлыбританияның ұйымнан шығуына қатысты қорытынды мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы ЕуроКеңестің басшысы Дональд Туск мәлімдеді. Құжаттың мәтіні дүйсенбі күні жарияланбақшы. Ал ЕуроОдақтың брексит бойынша басты мәмілегері Мишель Барньенің айтуынша, онда Лондоннан қалған шешілмеген мәселе бойынша ұсыныстарды беру сұралған. Ол, сондай-ақ, Brexit-тен кейін де ұйымның Ұлыбританиямен қауіпсіздік және сауда саласында тығыз ынтымақтастық орнатуды көздейтінін жеткізді. Айта кетейік, қос тарап Brexit туралы құжаттың мәтінін қазан айына дейін келісіп үлгеруі тиіс. Себебі келесі жылдың наурыз айында Ұлыбритания одақтан ресми түрде шығуы қажет.

"Біз Brexit бойынша көп жетістікке қол жеткіздік. Алайда Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы қатынас секілді кей мәселе бойынша ортақ шешімге келе алмадық. Енді Ұлыбританиядан нақты ұсыныстар күтеміз", - дейді ЕуроОдақтың Brexit бойынша басты мәмілегері Мишель Барнье.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу