Brexit: ЕО Британиядан 47,5 миллиард еуро талап етпек

723

2017 жылдың желтоқсанында Лондон мен Брюссель төлемге қатысты ымыраға келген еді.

Brexit: ЕО Британиядан 47,5 миллиард еуро талап етпек

ЕО билігі Британия одақтан шыққаны үшін шамамен 47,5 миллиард еуро төлеуі керек деген пікірде, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЕО-ның 2020 жылға арналған бюджеті туралы есебіне сілтеме жасап.

Құжатта Біріккен Корольдік Brexit нәтижесінде ЕО-ға белгілі бір сома төлеу міндетті екені жазылған. 2017 жылдың желтоқсанында Лондон мен Брюссель бұған қатысты ымыраға келген еді. Ол кезде кезде британиялық билік төлем көлемі 35-39 млрд еуро шамасында деп белгілеген еді. Енді Еуропалық Одақ болса, бұдан едәуір көбірек бөлінуге тиіс деп отыр. 

Бұл соманы қараша айында Еуропалық есеп палатасы мақұлдауы керек. Еуроодақтың осы институтындағы Ирландия өкілі Тони Мерфидің айтуынша, қаражат көлемінің өзгертілуі екіталай. 6,8 млрд еуро көлеміндегі бірінші траншты Лондон ЕО-ға келесі жылы жіберуге уәде берді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: wordpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу