Brexit Ұлыбританияның алдағы жылдардағы экономикасына ауыр салдар әкелуі мүмкін

1026

Brexit Ұлыбританияның алдағы жылдардағы экономикасына ауыр салдар әкелуі мүмкін

Brexit Ұлыбританияның алдағы жылдардағы экономикасына кері әсер етеді. 2017 жылдан бастап Корольдіктің ішкі жалпы өнімі азайып, сырттан алатын қарызы артуы және қазынадағы қаржы тапшылықтары сезілуі мүмкін. Бұл туралы елдің Қыржы министрі Филип Хэммонд мәлімдеді, деп жазады 24 Хабар.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, биыл Ұлыбританияның ішкі жалпы өнімі наурыз айында жоспарланған 2 пайыздан жоғары көрсеткішке жеткен. Дегенмен мамандар бұл 2017 жылы 1,4 пайызға төмендеуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Оған қоса алдағы бес жыл ішінде Корольдіктің сырт елдерден алатын қарызы 122 миллиард фунд стерлингке артады. Дегенмен министрлік басшысы 2021 жылы ел экономикасының өсімі қалыпты жолға түседі деп болжады. Ал оған дейін үкімет табысы азайғанымен, мемлекеттік қызмет пен қорғаныс және халықаралық көмектер, зейнетақы түрлері қысқармайтынын мәлімдеді.

"Экономика бір сәтте құлдырап кетпейді. Бірақ уақыт өте әлсірейді, өсімін тоқтатады. Біз үшін brexit дұрыс таңдау. Оның негізгі мақсаты айқын. Сондықтан Ұлыбритания экономикасының қарыштап дамуы тежелгенімен, құлдырап кетпейтінін Қаржы министрі түсіндіріп берді", – дейді Ұлыбританияның энергетика және өнеркәсіптік стратегиялар министрі Грег Кларк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу