Brexit Ұлыбританияның импортына жағымсыз әсер етті

1599

Brexit Ұлыбританияның импортына жағымсыз әсер етті

Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу туралы шешімі импорт нарығына кері әсерін тигізді, деп хабарлайды 24 Хабар.

Біріккен корольдіктің ақшасы  – фунт стерлингтің еуроға шаққандағы бағамы төмендеп, еуроаймақтан келетін кейбір азық-түлік тауарлары мен шараптар қымбаттап кетті. Жергілікті шаруа иелерінің айтуынша, бұл, әсіресе, кіші кәсіпкерлерге көп зиянын тиігізіп жатыр. Себебі, олар сырттан келген тауарлардың қымбаттауынан жергілікті өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр.

"Біз жыл сайын Испаниядан жеткізілетін тауарларға 11 млн еуро жұмсайтынбыз. Енді 2 млн-ға артық қаражат төлейтін болдық. Оларды да табу керек. Әрине, ең оңай жол – тауарлардың бағасын көтеру", – дейді Brindisa компаниясының иесі Моника Линтон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу