Британ парламенті Brexit-ті бастауды жақтады

1058

Британ парламенті Brexit-ті бастауды жақтады

Британ парламентінің қоғамдар палатасы  елдің Еуроодақтан шығу тәртібі туралы Лиссабон шартының 50-бабын іске қосуды бірінші оқылымда мақұлдады. Екі күнге жалғасқан пікіртартыстан соң  ЕО-дан шығу туралы үкімет дайындаған заң жобасына 498 депутат жақтап, 114-і қарсы дауыс берді, деп хабарлайды Би-би-си.

Шотландияның ұлттық партиясы мен либералдық демократтары, сонда-ақ өз партияларының ұстанымына қайшылықпен 47 депутат-лейбористер мен бір консерватор қарсы шыққан. Талқылау барысында Ұлыбританияның шығу мәселесі жөніндегі министр Дэвид Дэвис депутаттардың, егер олар заң жобасын мақұлдамайтын болса, онда олар халықтың еркіне қарсы шыққаны екенін естеріне салып өтті.

Заң жобасының одан да кең ауқымда талқыланатын екінші оқылымы  6 ақпанға белгіленген, деп жазады Рейтер. Заң жобасы  парламентке  ЕО-дан шығу туралы Брюссельмен келіссөздерді заң жүзінде іске қосу үшін заң шығарушылардың келісімі талап етіледі деп қаулы еткен Жоғарғы соттың шешімінен соң енгізіледі.

Премьер-министр Тереза Мэй  бұған дейін Британияның шығуы туралы Еуроодаққа ресми мәлімдеуге ниетті екенін айтқан. Осылайша 50 бап бойынша іс-шараларды 2017 жылғы наурыздың соңына дейін бастамақшы. Дәл сол бап  шығу талаптары туралы келіссөздерге екі жыл мерзім қарастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу