Британ университеттері Маңғыстаудың даму жоспарына қызығушылық танытып отыр

500

Білім беру, көлік логистикасы, туризм, жасыл сутегі, инженерия саласындағы жаңа бағыттар бойынша Маңғыстау өңірінің талаптары мен даму жоспарына сәйкес дайындалған оқыту жоспарына британдық университеттердің топ-менеджменті қызығушылық танытты.    

Британ университеттері Маңғыстаудың даму жоспарына қызығушылық танытып отыр Фото: yu.edu.kz

Yessenov University мен Canterbury Christ Church University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі оқу ордасының серіктестігі негізінде білім беру, бизнес және менеджмент, туризм және қонақжайлылық саласындағы инженерия, есептеу техникасы бағыттарын академиялық алмасу және зерттеу арқылы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ ынтымақтастық шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын, қос дипломды білім беруді әзірлеу, екі университет арасында жаңа техника мен технологияларды игеруді қамтамасыз ететін ғылыми ұжымдарды, зертханаларды қалыптастыру көзделеді.

Меморандумға қол қою және университеттер ынтымақтастығын одан әрі дамыту жоғары білім мен ғылымның сапалы ортасын қалыптастыруға, ұлыбританиялық оқытудың озық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу