Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттыратын болады

855

Британдық компания ірі қара малдың генетикалық сапасын арттыру арқылы ет өнімділігін арттыруға міндеттеме алды.

Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттыратын болады

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен қазақстандық "AкТеп" компаниясы мен британдық Genus Breeding Ltd арасында "Абердин-Ангус" және "Герефорд" тұқымдарының генетикалық өзегін қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім бес жыл мерзімге жасалып, қосымша келесі бес жылға ұзарту мүмкіндігін ескереді.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім шеңберінде британдық компания "АкТеп" серіктестігінің бордақылау алаңы және Ақтөбе облысының басқа алаңдарында осы компаниямен бірлесіп жұмыс жасайтын 500-ге жуық серіктестіктерде ірі қара малдың генетикалық сапасын арттыру арқылы ет өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Аталған ген жемнің конверсиясын жақсартуға көмектеседі, яғни егер Қазақстанда орта шамамен 8 кг жемге 1 кг ет өндірілсе, ұсынылған тәсіл арқылы 3 кг жемге 1 кг ет алынады.

"Genus Breeding Ltd" компаниясы 2020 жылы жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласына арнайы маман жіберетін болады. Алдын-ала есептеулер бойынша, жұмыстың алғашқы жылдарында кірістің жыл сайынғы өсуі әр жаңа туған бұзаудан шамамен 50-100 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткішке ірі қара малдың жалпы салмағын ұлғайту, жылдам өсу және жемді үнемдеу арқылы қол жеткізіледі.

Жобаның тартымдылығы – Қазақстан тарапы үшін жоғары тиімді болып табылады. Атап өтсек, Genus Breeding Ltd компаниясының ақысы тек бес жыл мерзімінде жыл сайын "АкТеп" компаниясының табысын арттыратын болса ғана төленетін болады. Сыйақы мөлшері қазақстандық компанияның жыл сайын қосымша келген кірісінің 30% құрайды.

Сонымен қатар келісім бойынша "Genus Breeding Ltd" "АкТеп" компаниясына өз өнімдері мен үлестірмелерде логотипін белсенді түрде пайдалану құқығын беріп отыр.

Сондай-ақ, бұл жобаға Қазақ мал шауашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты қызығушылық танытып отыр. Институт қызметкерлерін эмпирикалық талдауға және жасанды ұрықтандырудан бастап мал өсіруге дейінгі бүкіл өндірістік циклді зерттеуге өзінің екі қызметкерін жолдайтын болады. Егер де жобаның айқын артықшылықтары мен экономикалық өміршеңдігі жеткілікті дәлелдермен куәландырылатын болса, онда бұл тәжірибені Қазақстанның басқа аймақтарына кеңейту мәселесі қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу