Британдық жаңа Премьер-Министр Лиз Трасстың рейтінгі күрт төмендеуде

538

Лиз Трасс Ұлыбритания Премьер-министрінің орнына отырғанына тура бір ай болды.  

Британдық жаңа Премьер-Министр Лиз Трасстың рейтінгі күрт төмендеуде

Осы уақыт ішінде оның рейтингі күрт төмендеді, деп хабаралайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

YouGov аналитикалық компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, СІМ-нің бұрынғы басшысын британдықтардың тек 14%-ы ғана қолдайды – бұл көрсеткіш, тіпті, Борис Джонсонның рейтингінен кем түсті.

Оның үкіметі ұсынған ең ауқатты британдықтар үшін табыс салығының мөлшерлемесін 45-тен 40%-ға дейін төмендетуді көздейтін салық реформасын тіпті консерваторлар да қолдамады және оның салдарынан фунт стерлинг рекордтық деңгейге дейін төмендеді.

"Осы қиын кезеңдерде біз жедел әрекет етуіміз керек. Мен Ұлыбританияны аласапыраннан аман-есен алып шығып, бізді ұлт ретінде нығайтуға бел будым. Бұл миссияда маған британдықтарға деген берік сенімім көмектеседі", – деді Лиз Трасс.

Лиз Трасс Бирмингемдегі консервативті партия конференциясында сөйлеген сөзінде экономикалық саясат тақырыбын қозғамауға тырысты, алайда үкімет басшысының дегені болмады. Премьердің сөзін Гринпистің белсенділері тоқтатты – Лиз Трасстың климаттың өзгеруіне қарсы бірқатар шараларды тоқтатуына байланысты.

Ұлыбритания үкіметі басшысының назарын талап ететін басты мәселелердің бірі – инфляция мен өмір сүру құнының өсуі. Сенбіде Корольдікте соңғы онжылдықтардағы теміржолшылардың ең үлкен ереуілі басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу