Британдықтар Шымбұлақты үздік қысқы курорттардың бірі деп таниды

1135

Британдықтар Шымбұлақты үздік қысқы курорттардың бірі деп таниды

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты қысқы спорт түрлеріне арналған үздік сырғанау орындарының қатарына қосылды. Тізімді беделді британиялық The Guardian басылымы жасаған, деп хабарлайды Baq.kz.

Шымбұлақ – Алматыға жақын орналасқан Қазақстандағы танымал тау-шаңғы курорты.

Шымбұлақты ел тұрғындары ғана емес, шетелдіктер де жақсы біледі және әлемдегі ең үздік қысқы курорттардың бір саналады.

Басылым Шымбұлақта басқа курорттармен салыстырғанда адам көп болмайтынын, сондықтан туристік қарбаласты ұната қоймайтындар үшін таптырмас орын екенін атап өткен. Дегенмен шаңғы тебуді енді үйреніп жүргендер үшін қолайсыз болуы мүмкін, өйткені мұнда тік еңісті жерлер өте көп.

Сонымен қатар, басылым тұтастай алғанда Қазақстанға саяхаттау арзанға түспегенімен, шаңғымен сырғанау анау айтқандай қымбат емес екенін жазыпты.

Үздіктер тізіміне Польша, Болгария, Франция, Италия, Жапония, Шотландия және Канаданың да курорттары енген.

Естеріңізге сала кетейік, Шымбұлақ бұған дейін ТМД елдеріндегі ең танымал тау-шаңғы курорты атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу