Брюссель Қырғызстанға ескерту жасады

120

Бұл туралы Reuters жазды.    

Брюссель Қырғызстанға ескерту жасады Фото: kabar.kg

Еуроодақ Қырғызстан билігінен Еуропадан шығатын тауарларды Ресейге қайта сатуды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санкциялар жөніндегі арнайы өкіл Дэвид О’Салливан Қырғызстан Мәскеуге қарсы салынған шектеулерді айналып өтуге көмектесетін негізгі дәлізге айналғанын мәлімдеді.

Дэвид О’Салливанның айтуынша, Брюссельді радиожабдықтар мен станоктардың Қырғызстанға импортталуының күрт артуы мазалайды. Бұл тауарлардың кейіннен әскери мақсатта қолданылуы мүмкін болғандықтан, оларды Ресейге жеткізуге санкция арқылы тыйым салынған.

"Бізде бұл тауарлардың Қырғызстанға тек Ресейге қайта экспорттау мақсатында ғана әкелініп жатқанына сенуге толық негіз бар. Соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда бұл өнімдердің импорты мен реэкспортында өте айқын әрі айтарлықтай пайыздық өсім байқалып отыр", – деді ол баспасөз мәслихатында.

Қырғызстанның Ресейге экспорты 1200%-ға өскен. Мәскеуге санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін бірнеше қырғыз банкі мен криптофирмаларына батыс елдері тарапынан шектеулер қойылды.

ЕО қазір қосымша тағы шараларды қарастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу