БТА банкінің бұрынғы топ менеджері журналистерге сұхбат берді

977

БТА банкінің бұрынғы топ менеджері журналистерге сұхбат берді

Қазақстандық БАҚ-ның хабарлауынша Түркияда ұсталып, кейін Астанаға жеткізілген Жақсылық Жәрімбетов бүгін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ол туралы банкирдің өзі баспасөз мәслихатында айтқан.

Еске салайық, Жәрімбетов Мұхтар Әблиязовтың кезінде БТА банкі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді және банктен 0,5 млрд  доллардың жымқырылуына қатысты істе күдікті саналады.

"Мен қаңтардың 17 күні Түркияда жалған төлқұжатпен ұсталдым. Кейін ойланып, шешім қабылдап полицияға Стамбұлдағы Қазақстанның бас консулдығына хабарлауды сұрадым. Интерполдың іздеуінде болғандықтан 20 қаңтарда Қазақстанға экстрадицияландым. 21 қаңтарда Астанаға жеткізіліп, бүгінге дейін ҰҚҚ изоляторында отырдым", – дейді банкир.

Бүгін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шыққан.

Оның айтынша ол әлі де "БТА банктегі" қаржының жымқырылуына қатысы бар күдікті саналады. Алайда өзі Әблязовтың қаржы жымқыру ісіне қатысым жоқ дейді. Ол мұны жоққа шығарып, тергеуге болысатынын мәлімдеді.

"Бұл істе нүктені сот қояды. Қандай шешім қабылдаса да, шешімді өз деңгейінде күтемін", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу