Бұдан былай Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босатуы мүмкін

Бұл туралы Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында айтты.   

Бұдан былай Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босатуы мүмкін Фото: Конституциялық сот

Осылайша, Құрылтайдың Үкімет жұмысына ықпалы туралы жаңа норма енгізу ұсынылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның Бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау, бекіту Құрылтай құзыретінде болады. Құрылтайдың бұл есепті бекітпеуі Үкіметке сенімсіздік білдіретінін көрсетеді, – деді Нұрлан Бекназаров.

Құрылтай депутаттары көпшілік дауыспен министрлердің "тағдырына" әсер етуі ықтимал. 

– Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен ҚР Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есебін тыңдауы, республика заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдаудың қорытындысы бойынша ҚР Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы мәлімдеме қабылдау құқықтары тиісті жекелеген нормада нақтыланды. Мұндай жағдайда ҚР Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады, – деді сенатор.

Еске салайық, бұл нормалардың бәрі әзірге тек ұсыныс ретінде айтылып отыр. Нормалардың қайсысы қабылданатыны не қабылданбайтыны референдумда шешіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу