Бұдан былай алаяқтар "1414" нөмірінен азаматтарға SMS жібере алмайды

91

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.  

Бұдан былай алаяқтар "1414" нөмірінен азаматтарға SMS жібере алмайды Фото: aqshamnews.kz

Енді "1414" нөмірінен SMS жібергісі келетін мемлекеттік органдардың өкілі өзінің жеке басын FaceID, электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код арқылы растау қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған қызметтерге қосылмаған жүйелер "1414" нөмірінен хат жібере алмайды.

"Алаяқтардың халықты алдау  әдістері қиындауда, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалып отыр. Олар алдымен қандай да бір мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкерлері атынан, келесі қоңырауды ұлттық қауіпсіздік комитетінен хабарласып, артынша телефонға келген код арқылы азаматтардың жеке есеп шотындағы қаржысын алады болмаса олардың атына несие рәсімдеуге тырысады", – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура ескертеді:

  • мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
  • ақша аудару үшін "қауіпсіз шоттар" жоқ;
  • күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;
  • кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу