Бұдан былай фермерлер шетелден жұмысшылар шақыра алады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеп отыр. 

Бұдан былай фермерлер шетелден жұмысшылар шақыра алады Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Оның сөзінше, ведомство Еңбек министрлігімен бірге ауылдарда объектілер салуға біліктілігі жоқ шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны ұлғайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Вице-министр ауыл халқының үдере көшу себебінің бірі жайлы тұрмыстық жағдайлардың болмауы екенін жасырмайды. Студенттер ірі қалалардағы жоғары оқу орындарында оқығаннан соң ауылдарға оралуға асықпайды, соның салдарынан ауыл шаруашылығы құрылымдарына кадрлар жетіспейді. Агробизнес өз жұмысшылары үшін үйлер мен басқа да нысандар салады, десе де жұмысшылар арасында мәселе жоқ емес. 

– Көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорыны білікті жұмысшыларды жалдауға құлықты болғандықтан, оларға үй салады. Құрылыс шығындарын азайту үшін олар бізге біліктілігі жоқ жұмыс күшіне қосымша квота бөлу туралы өтінішпен жүгінді. Бұл ұсыныс Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қаралды, өңірлерге қосымша квота бөлінді. Бірінші кезеңде бұл қосымша квота 1 мыңға жуық біліктілігі жоқ мамандарды құрайды, – деді Азат Сұлтанов. 

Ол осы квота шеңберінде ауылдардағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне үйлер салу үшін, сонымен қатар өндіріс объектілерін салу үшін қызметкерлер тартылатынын айтты. Мысалы, қазір елімізде жаңа тауарлы-сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар және басқа да нысандар белсенді салынып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу