Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды. 

Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды  Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК 19 қаңтар күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметтеріне сәйкес, жұма күні Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ, қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу