Бүгін 8 қалада қолайсыз метеоахуал қалыптасады

251

 Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бүгін 8 қалада қолайсыз метеоахуал қалыптасады Фото: inbusiness.kz

"2024 жылғы 25 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында күтіледі",-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу