Бүгін Ә. Смайылов Алматыдағы "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумына қатысады

435

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Ә. Смайылов Алматыдағы "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумына қатысады Фото: primeminister.kz

Форумның панельдік сессиялары аясында екі өңірдің экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Олардың ішінде:

кәсіпкерлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту;

мультимодальды жүк тасымалдарын жүзеге асыру;

сауда маршруттарының инфрақұрылымын жаңғырту;

коммерциялық операцияларды жүргізу саласында цифрлық шешімдерді енгізу;

мемлекеттік реттеу және т.б. бар.

Жоғары деңгейдегі сессияға Қырғызстан, Тәжікстан премьер-министрлері, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің ресми өкілдері, Еурокомиссия, Еуропа елдері мемлекеттік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, іскер топ өкілдері және т.б. қатысады деп күтілуде.

Форум аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу