Бүгін Алматы мәслихаты жаңадан қала әкімін сайлауға жиналмақ

176

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін Алматы мәслихаты жаңадан қала әкімін сайлауға жиналмақ Фото: Алматы қаласының мәслихаты

Ерболат Досаев бұл қызметте 3 жыл отырды.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы бүгін сағат 12:00-де өтеді.

"2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді", – делінген мәслихат мәлімдемесінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу