banner

Бүгін Алматыда бизнестегі мәселелер қозғалады

979

Алматыда кәсіпкерлердің жыл сайынғы V бизнес-конференциясы өтеді

Бүгін Алматыда бизнестегі мәселелер қозғалады

"Атамекен" ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысатын конференцияда "Атамекен" ҰКП Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев Алматы қаласында кәсіпкерліктің белсенділігі туралы баяндама әзірлесе, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Тұяқбаев Сапарбек "Almaty Business-2025" аймақтық бағдарламасының тұсаукесерін өткізеді.

Сонымен қатар, бизнес-конференция қатысушылары баяндамашыларға сұрақтарын қойып, өздерін толғандырып жүрген әр-түрлі мәселелелерді талқылайды.

Конференция 2019 ж. 3 қыркүйек күні сағат 15:00 Алматы қаласы Ritz Carlton қонақ үйінде өтеді. Тікелей көрсетілімді сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу