22-26 желтоқсан аралығында Алматыда электр беру желілерінде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың жекелеген аудандарында электр энергиясы қысқа мерзімге өшіріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Аталған аумақтарда электр қуатын ажырату мүмкіндігі бар, бірақ міндетті емес қалалық және облыстық ЭБЖ нақты учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі апта сайын жарияланатыны туралы хабарлаймыз. Үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту үшін жүргізілген осы жұмыстар кезінде объектілерді тоқтан ажырату, егер белгілі бір учаскенің тұтынушыларын басқа электрмен жабдықтау көзіне ауыстыру мүмкіндігі болмаса, ерекше жағдайларда ғана қысқа мерзімде жүргізіледі", – деп хабарлады компания.
Электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстар сымдарды бөгде заттардан тазартуды, сондай-ақ, оларды ішінара ауыстыруды қамтиды.