Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1293,9 болды, деп хабарлайды КазТаг. 
Өткен сауда күніндегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $3,65-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1093,73 (+3,21),  британ фунтымен есептегенде  972,88 (-8,87) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу