Боранға байланысты Астанада рейстер кешігіп, қалада 60 жол апаты тіркелді

142

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.   

Боранға байланысты Астанада рейстер кешігіп, қалада 60 жол апаты тіркелді Фото: t.me/nqzairport

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір әуе рейстері де кешіктіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе – Астана, Өскемен – Астана, Петропавл – Астана, Доха – Астана және Санья – Астана бағытындағы ұшақтар белгіленген уақыттан кешігіп келеді.  

Айта кетейік, 12 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Осыған байланысты мамандар жолаушылардан әуежайға бару уақытын алдын ала жоспарлауды ескертеді. Сондай-ақ көлік жүргізушілерін жолда мұқият әрі сақ болуға шақырады.

Ал, рейстердің ұшу барысын білу үшін авиакомпанияның байланыс орталықтарына хабарласу және әуежайдың www.nn-airport.kz онлайн ұшу ақпарат тақтасын пайдалану арқылы тексеру ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу